«Құран айында Құран үйрену курсы» ашылды (ФОТО)

Құран айында Құран үйрену курсы ашылды (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

10 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – «Нұр Астана» мешітінде Рамазан айына орай алғаш рет  «Құран айында Құран үйрену» атты арнайы курс ашылды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Рамазан – Құран айы. Яғни, бұл айдың қасиетті кітабымыз Құран Кәріммен байланысы ерекше. «Қадір» сүресінің 1-аятында: «Ақиқатында Біз оны Қадір түнінде түсірдік», дейді. Құран Кәрім осы айдың ең қасиетті түнінде уахи етіліп, түсе бастаған. Қасиетті айдың «Құран айы» деп аталуы да ең әуелі адамзат тарихындағы осы бір елеулі уақиғаға байланысты.

Әр жылдың Рамазан айында Алла Елшісі (с.ғ.с.) уахиды жеткізуші, ұлық періштенің бірі Жәбірейілге (ғ.с.) Құранды Хатым етіп тапсыратын болған. Бұл да адамзат тарихында алтын әріптермен жазылуға тиісті өнеге, ғибраты мол айырықша уақиға. Хақтан хабар түскен қасиетті айда тақуа жандар Құранды үйренуге, оқуға, жаттауға және хатым жасауға құлшынады. Тарихи деректерге сүйенсек, мазһабымыздың көшбасшысы, ұлық имам Әбу Ханифа Рамазан айында Құранды бірнеше мәрте хатым еткені айтылады.

Осы бір қасиетті уақытты дұрыс пайдалану мақсатында қолға алынған «Құран айында Құран үйрену» атты жаңа курс бір ай бойы өз жалғасын табады.

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Бөлісу: