Жазғы курс жетті мәреге (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

«Бір жылыңды ойласаң - егін ек, он жылыңды ойласаң – ағаш отырғыз, жүз жылыңды ойласаң – ұрпақ тәрбиелеп, білім бер»

Халық даналығы

2014-2015 оқу жылының аяқталуына байланысты еліміздің келешегі саналатын жастарды иманды етіп тәрбиелеу мақсатында әрі мектеп оқушыларының жазғы демалысын тиімді пайдалану үшін 26 мамыр - 16 маусым аралығында қала мешіттерінен «Имани жаз - 2015» жазғы діни сауат ашу курсы ұйымдастырылды.

Астана қаласындағы  8 мешітте жалпы саны 821 шәкірт  тәлім алды. Тарқатып айтар болсақ, «Нұр Астана» орталық мешітінде 304 шәкірт, «Әзірет Сұлтан» мешітінде 296 шәкірт, «С.Ғылмани» мешітінде 69 шәкірт, «Әлжан ана» мешітінде 50 шәкірт, «Әл-Ғани» мешітінде 11 шәкірт, «Әс-Сәлам» мешітінде 43 шәкірт, «Шейх Кунта қажы» мешітінде 25 шәкірт, «Төлебай» мешітінде 23 шәкірт курсты тәмәмдады. 

 Рухани ілім іздеп келген балғындарға арналған курсты «Нұр-Мүбәрак» Ислам мәдениеті университеті мен «Астана», «Үшқоңыр» және «Әбу Бәкір Сыддық» медреселерінің шәкірттері өткізді. Олар жазғы курста Құран-Кәрім әліппесі, негізгі діни мағлұматтар және имандылық сабақтарынан ұстаздық етіп, тәрбиелік сұхбаттар жүргізді. Курс барысында күніне бір мезгіл шәкірттерге шәй беріліп, қаланың көрікті жерлеріне саяхат та ұйымдастырылды. 

Бүгін «Нұр Астана» орталық мешітінің найб имамы Жандос Айтбаев пен ұстаз Иляс Отаров қала мешіттерін аралап, жазғы діни сауат ашу курсын қорытындылап, балаларға курсты тәмамдағаны туралы арнайы куәліктер табыс етті. 

 


 

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: