Наиб мүфти жұма уағызын айтты

Наиб мүфти жұма уағызын айтты

Мешіт тынысы
Жарнама

15 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz - Наиб мүфти Бауыржан Есмахан  «Нұр Астана» мешітінде жұма уағызын айтып, жұма намазын өткізді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі. 

Қасиетті жұма күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Бауыржан қажы Әбдірашұлы «Нұр Астана» мешітінде «Уақыттың қадірі» тақырыбында жиналған жамағатқа уағыз айтты. 

Наиб мүфти уағыз барысында уақыттың бағасы, қадір-қасиеті мен құндылығы жайлы сөз қозғады.

«Уақыттың маңыздылығының бірден-бір көрінісі – Алланың уақытпен серт етуінде. Құран Кәрімнің бірнеше жерінде Алла күн, түн, асыр, таң уақыттарымен серт еткен», – деп атап өтті Бауыржан Әбдірашұлы. Сонымен бірге уақыт алдындағы мұсылманның міндеттері мен уақытты жоспарлы пайдалануда көңіл бөлетін маңызды түйіндер жайында тоқталып, тұщымды ойларымен бөлісті.

Уағыз соңынан Бауыржан қажы Есмахан имам болып, жұма намазын жүргізді.

Намаз соңында наиб мүфти Алладан елімізге тыныштық, халқымызға құт-береке, ағайынға ауызбіршілік тілеп дұға жасады.

1

2

3

Бөлісу: