25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Астанада IV халықаралық ғылыми-теологиялық конференция өтеді (ФОТО)

20 ақпан. АСТАНА. Ummet.kz  Қазақстан және Ресей мұсылмандары діни басқармаларының ұйымдастыруымен Астана қаласында 2019 жылдың 11 сәуірінде «Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заман сын-қатерлері алдында» атты IV халықаралық ғылыми-теологиялық конфереция өтеді, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Қазақстан мен Ресейдің бірінші наиб мүфтилері кездесті (ФОТО)

20 ақпан. АСТАНА. Ummet.kz  Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының Бірінші орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы Ресей мүфтилер кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Рушан Аббясовты қабылдады, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Біз жастардың жұмыссыздық мәселесін түбегейлі шешкен жоқпыз - министр

20 ақпан. АСТАНА. Ummet.kz  Кәлетаев Жастар саясатына арналған Үкімет сағатында жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесінің түбегейлі шешілмей отырғанын айтты, деп хабарлайды baq.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Рәтбек қажы Нысанбайұлы имамдармен кездесті (ФОТО)

19 ақпан. АСТАНА. Ummet.kz – ҚМДБ жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтында "қаңтар-наурыз, 2019" оқу легінде оқып жатқан имамдармен Рәтбек қажы Нысанбайұлы кездесті, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Тәжуид бағдарламасын тәмамдаған 160 шәкіртке Құран кәрім тарту етілді (ФОТО)

19 ақпан. АСТАНА. Ummet.kz – Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің Діни сауат ашу курсының әйел шәкірттеріне арналған «Құран – сөнбес сәуле, жарық нұр» атты салтанатты шара өтті, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Елбасы: Жаһандық бәсекелестік елдердің ғана емес адамдардың арасында да жүріп жатыр

18 ақпан. АСТАНА. Ummet.kz – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан жастарын жастық шақтарын босқа өткізбеуге шақырды, деп хабарлайды egemen.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Жастарға арналған пәтерлер қандай санаттарға берілетіні айқындалды

18 ақпан. АСТАНА. Ummet.kz – Осы аптада Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жастарды пәтермен қамтамасыз етуге арналған жоба келісімделмек. Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев мәлім етті, деп хабарлайды inform.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

CALL Орталыққа бір ай ішінде 813 діни сұрақ келіп түскен (ФОТО)

18 ақпан. АСТАНА. Ummet.kz – Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде осыдан бір ай бұрын діни сұрақтарға байланысты CALL Орталық ашылғаны баршаңызға мәлім. Халықтың діни ізденісін қанағаттандырып, көкейіндегі түйткілді сауалдардың жауабын дер кезінде қайтарып отыру мақсатында ашылған 33-30-30 нөмірлі Орталық осы уақытқа дейін еш үзіліссіз, тәулігіне 24 сағат бойы жұмыс істеп келеді, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Ауыр науқасқа шалдыққан курстастарына арнап қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді (ФОТО)

18 ақпан. АСТАНА. Ummet.kz – «Нұр-Мүбарак» университетінің 3 курс студенті, болашағынан зор үміт күттірген Сұлтан Едіге күтпеген ауыр кеселге шалдыққан болатын. Қатар оқитын студенттер Сұлтан Едігеге көмек ретінде қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді, деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Қажылықпен айналысуға үміткер туристік фирмаларға конкурс жариялайды

18 ақпан. АСТАНА. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажылық сапарының сапасы мен қызметін жақсарту, фирмалар арасында адал бәсекелестікке қол жеткізу және жерлестеріміздің қауіпсіздігін жан-жақты қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылы қажылықпен айналысуға үміткер туристік фирмалар арасында КОНКУРС жариялайды, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бас мүфти Астанада халықаралық конференцияға қатысты (ВИДЕО)

16 ақпан. АСТАНА. Ummet.kz – Астанада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Ислам ынтымақтастығы Ұйымы (ОИС) жанындағы Ислам тарихын, өнерін, мәдениетін Зерттеу орталығы (ИРСИКА) «Сәдуақас Ғылмани және Ұлы даланың ғұламалары» тақырыбында халықаралық конференция өткізді, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.