23
Дүйсенбі, Қыркүйек

һижри

ҚМДБ төрағасы Ресей Алтай республикасының мүфтиімен кездесті (ФОТО)

17 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Ресей Алтай Республикасының мүфтиі Жанболат Оқтаубаевпен кездесті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бас мүфти Алматы облысында болған оқиғаға байланысты көңіл айтты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Алматы облысы Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде болған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты.
«Қайтыс болған марқұмның туған-туыстарына көңіл айтамын. Иманды болсын. Алла Тағала марқұмды мейіріміне бөлеп, қайғының артын қайырлы еткей. Артында қалған отбасына, ағайын-жұртына көркем сабыр тілейміз. Оларға Жаратқанның өзі жар болсын. Ал жарақат алған жандарға Алла шипасын берсін. Жаратушы Иеміз елімізді, жерімізді, Отанымызды, халқымызды түрлі табиғат, жол-көлік апаттарынан сақтасын. Әмин» – делінген Бас мүфтидің көңіл айту жеделхатында.

Айта кетсек, 15 қыркүйекте 19 сағат 20 минут шамасында Алматы облысы Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде пойыз автобусқа соқтығысып, оқиға орнында бір адам қаза тапты. Автобуста 67 адам болған.

 

ІІІ Республикалық имамдар форумын өтеді (ФОТО)

13 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Мүфтият ІІІ Республикалық имамдар форумын өткізеді, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Кезекті аппарат жиналысында келелі мәселелер талқыланды (ФОТО)

12 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елордада Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен кезекті аппарат жиналысы өтті, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

РАНТ мүшесі Маңғыстау облысында кездесулер өткізді (ФОТО)

11 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – «Нұр Астана» мешітінің Бас имамы, РАНТ мүшесі Асқар Мұқанов Маңғыстау облысында кездесулер өткізді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

ҚМДБ: Үшінші қайырымдылық мекемесі өз жұмысын бастады (ФОТО)

11 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қайырымдылық мекемесі ашылды, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«Астана» медресе-колледжінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді (ФОТО)

11 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елордада «Астана» медресе-колледжінің жаңа ғимараты ашылды, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Қайырымды жандар 5 отбасына үй салып берді (ФОТО)

10 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қайырымды жандар Алматы қаласының іргесінде орналасқан Гүлдала елді-мекенінде тұратын 5 отбасын қуанышқа бөледі, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

РАНТ мүшесі жүздеген ақтөбелікпен кездесті

4 қыркүйекте Ақтөбе қаласына республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, «Нұр Астана» мешітінің Бас имамы Асқар Мұқанов іс-сапармен келген болатын. РАНТ мүшесі өңірдегі жұмысын «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінен бастап, сәрсенбілік ақшам намазынан кейін ғибадатхана жамағатымен кездескен еді.

Бас мүфти медресе шәкірттерімен кездесті

9 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kzЖамбыл облысына арнайы іс-сапармен келген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз «Һибатулла Тарази» медресесінің шәкірттерімен жүздесті, деп хабарлайды asyldin.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бас мүфти профессормен пікірлесті (ФОТО)

5 қыркүйек.Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас кеңсесінде Бас мүфти Серікбай қажы Ораз ҚР дипломатиясына еңбегі сіңген қайраткер, экономика ғылымдарының докторы, Еуразия ұлттық университетінің профессоры Сайлау Батыршаұлымен кездесті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.