26
Жұма,
Сәуір

һижри

«Шейх Кунта қажы» мешіті 20 отбасыға жәрдем көрсетті (ФОТО)

24 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Нұр-Сұлтан қаласындағы «Шейх Кунта қажы» мешітінің ұйымдастыруымен кеше Елордамыздағы 20 мұқтаж отбасыға азық-түлік түрінде жәрдем көрсетілді. Құлшылық ордасының бас имамы болып жақында ғана тағайындалған Ибрагим Сматаевтың ұйытқы болуымен мешіт жамағаты сауапты іске белсене атсалысып, азық-түлік сөмкелеріне үйлеріне жеткізіп берді.

«30 ИГІ ШАРА» жобасы аясында Елордада қос нысан пайдалануға берілді (ФОТО+ВИДЕО)

24 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің ұйытқы болуымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мерейтойына арналған «30 ЖЫЛДЫҚҚА – 30 ИГІ ШАРА» жобасы аясында қос бірдей нысан пайдалануға берілді. Айта кетейік, аталмыш акция аясында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен әр өңірде құдық, көпір секілді жамағат игілігіне арналған нысандар тұрғызу жоспарланған болатын.

Имам әл-Матуридидің «Таухид кітабы» қазақ тілінде жарық көрді (ФОТО)

24 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен MUFTYAT баспасынан Әбу Мансұр Имам әл-Матуридидің «Таухид кітабы» жарыққа шықты.

Бас мүфти Түркия елшісімен кездесті (ФОТО)

24 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елордада ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия Республикасының еліміздегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Екиджи мырзамен кездесті.

Жәкен Омаров қазақша мәуліттің үшінші бөлімін жырлады (ФОТО)

23 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Алматы қаласында «Адамзаттың асылы – Мұстафа» атты рухани онлайн Мәуліт кеші өтті.

MUFTYAT баспасынан «Адамзаттың асылы – Мұстафа» кітабы жарық көрді

23 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚМДБ-ға қарасты MUFTYAT баспасы «Имам Матуриди» ғылыми-зерттеу орталығы дайындаған «Адамзаттың асылы – Мұстафа» атты кітапты жарыққа шығарды.

Бас мүфти мәуліт кешінде онлайн құттықтау жолдады (ФОТО)

23 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматыдағы Мәуліт кешіне арнап онлайн құттықтау жолдады.

270 мұқтаж отбасыға азық-түлік таратылды (ФОТО+ВИДЕО)

21 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Нұр-Cұлтан қаласында Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбарымыз дүниеге келген айдың құрметіне орай «Мәуліт шарапаты» акциясы ұйымдастырылып, мұқтаж отбасыларға қуаныш сыйлаған қайырымдылық шарасы болып өтті.

Елорда имамдары қала әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды (ФОТО)

20 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде елорда имамдары үшін жөні бөлек жиналыс өтті. Қашанда қауырт та қалың жұмыстың қыспағында жүретін имамдар қауымы бұл жиналыстан әдеттегідей тың тапсырмалар жүктеліп емес, атқарған еңбегіне орай алғыс алып, қуанышты қайтты.

«ҚМДБ ХАЛАЛ» орталығында семинар өтті

20 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – «ҚМДБ Халал» оқыту және білім жетілдіру орталығында «Курочка Ряба» сауда белгісімен танылған құс еті өнімдерін өндіруші «Capital Projects LTD» кәсіпорынның қызметкерлеріне оқу-семинар өткізілді.

Ершат Ағыбайұлы оқырман сауалдарына жауап берді

20 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Кеше ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти, исламтанушы-ғалым Ершат Ағыбайұлы тікелей эфирде оқырман сауалдарына жауап берді.