23
Дүйсенбі, Қыркүйек

һижри

Кеше Алматы облысы Алатау мекенінде жаңа мешіт ашылып, салтанатты рәсімге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысып, халықты қуанышты күнмен құттықтады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қажылық Миссиясы еліміздің қажыларын тек «FlyNas» халықаралық әуекомпаниясы тасымалдауға құқылы екенін және одан өзге компаниялармен ұшуға рұқсат етілмейтінін хабарлайды.   

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты медреселерге 2015-2016 жаңа оқу жылына қабылдау емтиханы үстіміздегі жылдың тамыз айының 17 мен 28 аралығында өтпек,- деп хабарлайды ҚМДБ Діни білім және ғылым бөлімі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қажылық Миссиясының төрағасы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз қажылық сапарға байланысты ақпарат құралдарына арнап баспасөз мәслихатын өткізді деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қажылық Миссиясының төрағасы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз Сауд Арабия Корольдігіне (САК) ресми іс-сапары кезінде Эр-Рияд қаласында «Нас» холдинг басшысы Ахмет Сұлтан мырзамен кездесті. Басқосуға Қазақстан Елшілігінің жауапты қызметкерлері де қатысып, отандастарымыздың қажылық сапарын оңтайландыру мәселелері қаралып, ортақ мәміле жасалды. Бұл туралы  ҚМДБ Баспасөз қызметі хабарлады.

Ардақты ағайын!

Барша мұсылманның асыл арманы болған ұлы құлшылық, қасиетті қажылық сапарына да санаулы күндер қалды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажылық парызын өтеуге ниет білдірген отандастарымызды Алланың қонағы болуға шақырады.

Сауд Арабия Корольдігіндегі іс-сапары барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз бен ҚМДБ қажылық бөлімінің меңгерушісі Қанат Бекжанов«Flaynas» әуекомпаниясында болып, келелі келіссөздер жүргізілді. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.

Кеше  «Отан Ана» ескерткіш монументі алаңында Хиросима мен Нагасакиге атом бомбасының тасталуына 70 жыл толуына байланысты еске алу акциясы өтті, деп хабарлайды E-islam.kz порталы.

Қапшағай қаласында балаларды заңсыз түрде сектаға тартқан Евангелистік-христиандық баптистік шіркеу өкілдері құқыққорғау органы қамауға алды, деп хабарлайды E-islam.kz порталы.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қажылық Миссиясының

 МӘЛІМДЕМЕСІ

Кеше ҚМДБ Қажылық Миссиясының өкілдері Сауд Арабия Қажылық министрлігінің лауазымды қызметкерлерімен кездесу өткізіп, қажылық сапарына қатысты туындаған кейбір мәселелер төңірегінде келіссөздер жүргізді.

Қазақстандық делегация бұған дейін қажылыққа байланысты (ұшу кестесінің қолайсыздығы, қажылық сапарының 30 күнге созылуы, тікелей рейстің болмау себебінен халықаралық әуежайларда 16 сағатқа дейін күту, билет бағасының көтерілуі, т.б.) төңірегінде туындаған мәселелерді отандастарымыздың пайдасына шешуге қол жеткізді.