18
Жексенбі, Тамыз

һижри

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің 30.04.2015 күнгі №653 бұйрығымен Өтпенов Наурызбай Тағанұлы ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы қызметін сақтай отырып, ҚМДБ-ның найб мүфтиі болып тағайындалды.

Бүгін Түркістанда Ахмет Ясауи университетінде «Матуридиліктің өткені, бүгіні және келешегі» атты халықаралық симпозиумы басталды» деп хабарлайды E-islam.kz.

Үстіміздегі жылдың 2-ші мамырында Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының делегациясы Египет Араб республикасынан шығып, Сауд Араб Корольдігінің Мекке қаласында Умра құлшылығын өтеді.

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасымен шетел жастарымен тығыз қарым-қатынасты күшейту мақсатында тұңғыш рет кездесулер өткізу үшін арнайы делегация өкілдері Мысыр Арап республикасына 3 күндік іс-сапармен келді.

Бүгін Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай еліміздің барлық жерінде арнайы іс-шаралар өтуде. Астана қаласында «Қазақ Елі» монументі алдындағы алаңда «Нұрлы жол – жеңіс жолы» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Оған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, халықты мерекемен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Кеше «Қайырымдылық – қадірлі іс» атты қайырымдылық шарасы аясында Шымкенттен Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге қаржылай және гуманитарлық көмек керуені жөнелтілді.