07
Жексенбі,
Маусым

һижри

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз қажылық конкурсының іріктеуінен өткен компания басшыларымен өткен жиналыста айтты.

Түрлі діни теріс ағымдармен күресті мемлекет арнайы заң қабылдап жүргізуі керек. Осылай деген сарапшылар,  ел аумағында төнген қауіп-қатердің сейілмегенін айтады. Ал Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы сәләфизм ағымымен байланыста болған басбұзардың әрекетін толықтай айыптап, олармен күресті күшейтуді сұрап отыр.

Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы Дін істері жөніндегі басқармамен бірлесіп «Дінаралық татулық – тәуелсіздіктің тірегі» шығармашылық байқауын өткізеді. Шараға гуманитарлық және шығармашылық мамандықтардың орта білімнен кейінгі деңгейінің студенттері, журналистер мен кәсіпқой дизайнерлер қатысады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Құрметті отандастар!

Баршаңызды мұсылмандардың қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймын! Рамазан – адамзат баласын рухани тазару арқылы мейірімділік пен сабырлылыққа жетелейтін ұлық та қасиетті айлардың бірі.

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Түркияда орын алған теракт оқиғасына орай Дін істері министрі Мехмет Гөрмезге көңіл айту жеделхатын жолдады.