25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Түркияның Кайсери қаласындағы «Хасеки» академиясында жəне сол қалада оқып жатқан қазақ жастары академияның мəжіліс залында бас қосты. Басқосуда əр оқу орындарында жауапты өкіл сайлап, мəдениет, спорт іс шараларына жауапты студенттер тағайындалды. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мен наиб мүфти Серікбай қажы Ораз Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Алқалы жиынның мақсаты – дінаралық ынтымақтастықты нығайту.

Бүгін «Жақсылық жаршысы» қайырымдылық шаралар легі аясында ҚМДБ «Зекет» корпоративтік қорының Астана қаласы бойынша филиалында қор қарамағындағы мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Менің қолымнан келеді, анашым!» атты байқау ұйымдастырылды. Аталмыш шараның арнайы қонағы ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, «Зекет қоры» корпоративтік қорының Астана қаласы өкілдігінің басшысы Ибрахим Келдібайұлы, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Əлия Канибекова қатысты.

Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы және Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Елорда төрінде Рухани келісім күні аясында ағымдағы жылдың 17-қазаны күні «Бейбітшілік және келісім» сарайында «Руxани жаңғыру – береке-бірлік жолы» атты Халықаралық конференция болып өтті.

Жақында Діни басқарманың жанындағы «Зекет» қоры мен имамдар Алматы облысы, Жалғамыс елді-мекенінде өмірдің тауқыметін тартқан көпбалалы отбасыға жұмыла көтеріп, үй салып берген болатын. Көпбалалы отбасының отағасы ауыр сырқаттың салдарынан екінші топтағы мүгедек. Балалары мектеп жасындағы оқушылар. Ең үлкені он екіде.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Шариғат және пәтуа бөлімі жанынан «Сараптау» секторы ашылды.

Елбасының бастамасымен құрылған «Астана» халықаралық қаржы орталығының стратегиялық даму бағыттарының бірі – исламдық қаржыландыру. Елімізде ислам банкингінің, банктік емес қызметтер мен ислам қор нарығының  дамуы ерекше орынға ие.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында «Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімі ашылды. Оған «Жастар ісі» мен «Әйел-қыздар» секторы және «Хикмет» студиясы қосылды, деп хабарлайды muftyat.kz

Елорданың іргесіндегі Целиноград ауданына қарасты Қараөткел ауылында тағы бір жаңа мешіт бой көтерді. Ауыл тұрғындарын қуанышқа кенелткен айтулы оқиға қуанбаған адам жоқ. Елді имандылыққа ұйытатын Алланың үйінінің осылай алыстан мен мұндалап тұрғаны қандай жақсы. Бір айта кетерлігі, бұл мешітті Түркия елінде тұратын қандасымыз Ибраһим Мұтұлы өз қаражатына салғызған екен.

Астанада наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Орталық аппаратының кезекті жиналысында осындай тапсырма берілді. Еліміз бойынша уағыз-насихат жұмыстарының бірыңғай тәртібі мен әдебі туралы арнайы ережені әзірлеу ҚМДБ Уағыз-насихат бөліміне жүктелді.