19
Жұма,
Сәуір

һижри

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы әлемге әйгілі «әл-Азһар» университетінде білімін жетілдіріп келген имамдармен кездесті.

Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы жазушы, ҚР Мәдениет қайраткері Толымбек Әбдірайымды қабылдады.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы "Уағыз-насихат" бөлімінің басшысы Ершат Оңғаровқа имамдарға уағыз айтудың әдіс-тәсілін үйрететін арнайы әдістемелік құрал әзірлеуді тапсырды.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлына есеп беру жиналысында ҚМДБ Баспасөз бөлімінің басшысы Ағабек Қонарбайұлы БАҚ бойынша жұмыс жоспарын баяндау барысында «Жұма мінбері», «Таным және тағылым» атты діни-рухани, танымдық радиобағдарламалар «Шалқар» радиосының эфирінен шығатынын хабарлады.

ҚР Ішкі істер министрлігі Желіде тарап жаүрген "өлім ойындарына" қарсы жүргізіліп жатқан шаралар жайында айтып берді. Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев қазіргі уақытта суицидті насихаттайтын топтарға мониторинг жүргізіліп жатқанын айтты.

Бүгін Астанада бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен өткен жоспарлы жиналыста ҚМДБ бөлім басшылары 2017 жылдың алғашқы айында атқарған жұмыстары туралы есеп беріп, алдағы жұмыс жоспарларымен таныстырды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Малайзияның Ұлттық секция комиссары Дато Сери Зайни Бин Уджанг бастаған делегацияны қабылдады.

«DARILAIFE» ЖШС компаниясының косметикалық гель өнімдері қайта тексерістен өткізіліп, сертификат мерзімі жаңартылды. Сертификатты ҚМДБ “Халал Даму” ЖШС-ның директор орынбасары Ануар Елжанов табыстады.

Асылбек Орынбасаров еліміздегі жалғыз кәсіби каллиграф. Қазір оның Алматыда бір айға, яғни ақпан айының соңына дейін оның жеке көрмесі өтуде. Мұнда суретшінің бес академиялық стильдегі, сондай-ақ, қазақтың ұмыт қалған «сиягет» стиліндегі жұмыстары қойылған.