18
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Астана және Қазақстан Митрополиті Александрмен кездесті, деп хабарлайды Muftyat.kz.

«Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы Қуат Ерғалиұлы Павлодар облысының Ақсу қаласында өткен «Үйлену – сүннет, отбасын қорғау – міндет» атты аймақтық конференцияға қатысты.

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, «Сарыағаш» медресесінің директоры, белгілі дінтанушы ғалым Сманов Әбсаттар Шәкірұлының қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстарына көңіл айтты.

Бүгін қазақ руханияты орны толмас қазаға душар болды. Тәуелсіз Қазақстанның дін саласында өзіндік орны, ғалымдық қолтаңбасы бар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің мүшесі, Оңтүстік Қазақстан облысы «Сарыағаш» медресесінің директоры Абдусаттар Сманов өмірден өтті.

Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде тұңғыш рет «Ұлағатты отбасы – ұлт құндылығы» атты исламтанушы әйелдерге арналған конференция өтті, деп хабарлайды Muslim.kz.

Таяу уақытта Астана қаласында радикалды діни ағымға ерген азаматтарға, олардың туыстары мен жақындарына арналған оңалту орталығы ашылуы мүмкін. Қала мәслихатының кезекті сессия отырысында Астана әкімдігі Дін істері басқармасының басшысы Данияр Есін осылай деп мәлімдеді, деп жазады E-Islam.kz.

Қазақстан Республкиасы Дін және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев «Нұр-Мүбарак» университетінде арнайы жұмыс сапарымен болды, деп хабарлайды оқу орнының баспасөз қызметі.

Астана. 19 қараша. E-ISLAM – Елімізде рухани білім беру жүйесі жаңа бағытта, яғни мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асады. Қазір сауатты дінтанушы маман дайындау маңызды мәселе. Сондықтан Қазақстандағы діни қызметкерлерді оқытумен айналысатын тоғыз медресенің үшеуіне колледж мәртебесі берілді. Бұл туралы Астанада өткен «Зайырлылық - Қазақстандық қоғам тұрақтылығының негізі» атты Республикалық дінтанушылардың алтыншы форумында дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин мәлім етті, деп хабарлайды 24.kz.

Қазіргі уақыт – зайырлы мемлекет қағидаларын ұстанып, діни деструктивті ағымдардың алдын алу міндеттері тұрған кезең. «Зайырлылық қазақстандық қоғамның тұрақтылығының негізі ретінде» атауымен өткен Қазақстан дінтанушыларының VI форумында Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев осылай деп мәлімдеді, деп жазады E-Islam.kz.