23
Дүйсенбі, Қыркүйек

һижри

Елорда мешіттері төрт жарым мың отбасыға ет таратты

14 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Елорда мешіттері арасында ұйымдастырылған «Раббың үшін құрбан шал!» қайырымдылық акциясы аясында айт күндері Нұр-Сұлтан қаласындағы 4420 отбасыға ет таратылып, көмек көрсетілді, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«Зекет» қоры 117- ші баспананы табыс етті

12 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Ағайын арасындағы татулық пен сыйластықты арттыра түсетін қасиетті Құрбан айт мерекесінде ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша «Зекет» қоры «Ел үлесі - пәтерге» жобасы аясындағы 117-ші баспананы табыс етті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Қазақстанда алғашқы Ислам мәдениеті музейі ашылды

12 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Кеше қасиетті Құрбан айт мейрамында облыстық «Халифа Алтай» мешітінде Қазақстандағы алғашқы Ислам мәдениеті музейі ашылды, деп жазады Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өзінің facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.  

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы

11 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

11 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Наурызбай қажы Тағанұлы: Құрбан айт мерекесін қарттар үйі, қайырымдылық үйлері үлкен қуанышпен күтеді (ВИДЕО)

8 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Кеше Құрбан айт мерекесіне орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында конференция болып өтті, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Бас мүфти Құрбан айт қарсаңында отандастарды мал бағасын шарықтатпай, қанағат етуге үндеді

8 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бұл жайында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы фейсбук парақшасында жариялады, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Қазақстан қалалары бойынша құрбан айт намазының уақыттары

8 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Халықаралық астрономиялық зерттеу орталығының мәліметін негізге ала отырып, осы жылы Құрбан айт мерекесі тамыз айының 11-і күні басталатынын хабарлайды.

5 мың әлеуметтік білім гранты: Қай өңірге, қанша бөлінді

7 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бөлінген 5 мың әлеуметтік білім грантын жергілікті атқарушы органдар конкурстық негізде үлестіреді. Бұл үшін облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдерімен конкурстық комиссиялар құрылатын болады, деп хабарлайды egemen.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Jacobs брендінің 5 өніміне «ҚМДБ Халал» сертификаты берілді

7 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Халал Даму» ЖШС елімізге «Jacobs» атауымен танылған кофе брендінің 5 түрлі өнімін «Халал өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарты бойынша сертификаттады, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.