18
Бейсенбі, Шілде

һижри

Кәсіпкерлер 435 000 теңгенің су жаңа киімін қайырымдылыққа берді

30 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Павлодарлық кәсіпкерлер 435 000 теңгенің су жаңа киімін қайырымдылық ретінде «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің зекет бөліміне берді, деп хабарлайды mazhab.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

ҚМДБ: Елордалық отбасылар қуанышқа бөленді (ФОТО)

30 мамыр. Нұр-Сұлтан. ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет» корпоративтік қайырымдылық қорының ұйытқы болуымен Елордадағы 50 отбасына қасиетті рамазан айының сыйлығы үлестірілді, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі. 

Бас мүфти Елорда жұртшылығына ауызашар бердІ (ВИДЕО+ФОТО)

30 мамыр. Нұр-Сұлтан. ummet.kz – Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың атынан ауызашар беріліп, 600-ге жуық жан берекелі дастарханның құрметті қонағы болды. Сауапты кешке ел тізгінін ұстаған азаматтар мен зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, мұсылман мемлекетінің елшілері, өнер және қоғам қайраткерлері, еліміздегі БАҚ және телеарна төрағалары, Қарттар үйі мен Балалар үйі, Зағиптар орталығынан арнайы шақырылған құрметті қонақтар қатысты, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

БАҚ өкілдері Бас мешіттегі ауызашарда бас қосты (ФОТО)

28 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде Елордамыздағы журналистер қауымы қонақта болып, «Берекелі Рамазан» дастарханынан ауыз ашты, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.  

Бас мүфти медресе директорларына жиналыс өткізді (ФОТО)

28 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз медресе-колледж директорларымен кездесіп, орта діни оқу орындарының, қарилар орталықтарының жұмысын жандандыру бойынша әңгімелесті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Назарбаев Қасиетті Рамазан айының құрметіне ауызашар берді (ФОТО)

26 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Рамазан айының құрметіне дастархан жайып, ауызашар берді, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бірінші наиб мүфти америкалық сарапшылармен сұхбаттасты (ФОТО)

24 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz  –  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының Бірінші орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік департаментінің діни азшылық жөніндегі арнайы кеңесшісі Нокс Темз бастаған делегацияны қабылдады, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бас мүфти қара шаңырақ – ҚазҰУ студенттеріне дәріс оқыды (ФОТО)

23 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлының арнайы шақыруымен осы оқу ордасында өткен ауызашар дастарханында болып, студенттерге дәріс оқыды, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Мектеп бітіруші түлектер мешітке келіп, үлкендердің батасын алды (ФОТО+ВИДЕО)

22 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елордамыздағы мектеп бітіруші түлектерге арналып республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Жолың болсын, жас түлек!» атты рухани шара болып өтті, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бас мүфти Шымкентте ауызашар берді (ФОТО)

22 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Шымкент қаласындағы «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» атындағы орталық бас мешітінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының атынан дастархан жайылып, ауызашар берілді, деп хабарлайды Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Алматы: Бас мүфти зиялы қауымға ауызашар берді (ФОТО)

20 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазрет Алматы қаласында дініміз бен ұлтымыздың жанашыр арда азаматтарының басын қосып, қасиетті Рамазан айының құрметіне ауызашар дастарханын жайды, деп хабарлайды azan.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.