19
Жұма,
Сәуір

һижри

Бір жылда 47 034 діни сұраққа жауап берілді (ФОТО)

28 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі жұмыс бағыттарының бірі – халықтан түскен діни сұрақтарға жауап беру. Осы бағытта биыл Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Орталық аппараты жанынан Діни ақпарат орталығы (call-center) ашылған болатын.

Бас мүфти Сауд Арабиясы елшісімен кездесті (ФОТО)

28 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Сауд Арабиясы Корольдігінің елшісі Абдулазиз бен Абдулла әл-Даудпен кездесті.

Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған мерекелік шара өтті

23 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, адамзат тарихында Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы Нұр-Мүбарак университеті студенттерін бақыт жайлы ойлануға жетеледі.

Ғұламалар кеңесінің ХХVІІІ мәжілісі өтті (ФОТО)

23 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматыдағы ғимаратында ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің ХХVІІІ мәжілісі өтті.

«АҚТӨБЕ» медресе-колледжінің оқу ғимараты ашылды

23 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Айтулы шараға Бас мүфтидің кеңесшісі Балтабай Мекежанов, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Шоқанов, Ақтөбе облысының бас имамы Төлеби Оспан, «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры Әбдімүтәлі Дәуренбеков, Алға ауданының әкімі Мамырғали Аққағазов және өзге қалалардан келген қонақтар мен ауыл ақсақалдары қатысты.

Елорда мешіттерінде «Астана тазалық» қызметкерлеріне қайырымдылық жасалды (ФОТО)

21 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Халқымыздың ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күні құрметіне орай ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі бойынша өткен аптада «Астана тазалық» ЖШС қызметкерлеріне бірқатар қайырымдылық шаралары жасалды.

«Халал Даму» жылды қорытындылады (ФОТО)

21 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚМДБ Бас мүфтидің кеңесшісі Балтабай Уәжитұлының қатысуымен «Халал Дамудың» жылдық қорытынды жиыны өтті.  Оған «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен жергілікті өкілдер, кеңсе қызметкерлері қатысты.

Түркістан облысының бас имамы тағайындалды (ФОТО)

21 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Түркістан облысының имамы болып Еркебұлан Қарақұлов тағайындалды.

Діндер тарихы туралы кітап жарық көрді

20 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Нұр-Мүбарак университетінің аға оқытушысы, PhD докторы Жоламан Бұланұлының «Ежелгі және қазіргі діндер тарихы» атты кітабы оқырманға жол тартты.

Елорда мешіттері арасында қысқы марафон өтті (ФОТО+ВИДЕО)

20 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін елорда төрінде мешіт шәкірттері мен жамағатының қатысуымен тұңғыш қысқы марафон болып өтті. Ұлық мереке құрметіне орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік – тұғырымыз» қысқы марафонына Нұр-Сұлтан өкілдігіне қарасты қаладағы 12 мешіттің шәкірттері мен жамағатынан құралған 12 команда қатысты.

30 отбасына көмек көрсетілді

20 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елордадағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті Тәуелсіздік күніне орай 30 отбасына азық-түлік таратты.