19
Жұма,
Сәуір

һижри

Арыстағы ағайынға «Елорда асары» ұйымдастырылады !!!

25 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Тосыннан келген апат Арыстағы ағайынның тыныштығын бұзып, ел басына күн туғанда бар қазақтың қабырғасы сөгіліп, қосыла қайғырғаны сөзсіз. «Сайдағы арқардың тұяғына тас батса, қырдағы арқардың мүйізі сырқырайтынындай», бүгін бүкіл қазақ жұртының Арысқа қарай алаңдап, қосыла қайғырып отырған жайы бар.

Бас мүфти: Арыс оқиғасы барша азаматты қайырымдылық ісінде біріктіруі тиіс

24 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Арыста болған оқиғаға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Жарылыста адасқан балалар Шымкенттегі мешітке әкелініп жатыр

24 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Арыс қаласындағы бүгінгі болған жарылыс кезінде жаппай үдере көшкен халықтың бір бөлігі Шымкент қаласындағы орталық мешітке («Бекжан» базары маңындағы «Ақмешіт») келіп орналасуда, деп хабарлайды kazislam.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Нұр-Мүбарак университетінде теология мамандығы ашылды

24 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елімізге білікті де білімді исламтанушылар мен дінтанушыларды даярлап келген Нұр-Мүбарак университеті енді теологтарды даярлай бастамақ, деп хабарлайды nmu.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Наиб мүфти телесайыстың жеңімпаздарын марапаттады

21 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – "Жас қари" Құран телесайысының ақтық кезеңі өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар марапатталды, деп хабарлайды azan.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«Кемеңгерліктің 30 жылы» халықаралық ғылыми конференциясы өтіп жатыр

21 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси көшбасшылық феноменін зерттеуге арналған «Кемеңгерліктің 30 жылы» халықаралық ғылыми конференциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

ҚМДБ: Қажылыққа қатысты алқалы жиын өтті (ФОТО)

20 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елордада ҚМДБ Бас кеңсесінде биылғы қажылыққа даярлық жұмыстары пысықталды, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз елдегі митингілерге қатысты ойын айтты

20 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бас мүфти Серікбай қажы Ораз елдегі митингілерге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Ұлттық арнаға сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«Төле би» фильмі көрерменге жол тартты

20 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік Университетінде «Төле би» фильмінің таныстырылымы өтті, деп хабарлайды baq.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Наиб мүфти Шымкент қаласына ресми сапармен барды (ФОТО)

19 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Бауыржан  Әбдірашұлы Шымкент қаласына арнайы іс сапармен келді, деп хабарлайды Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бас мүфти Дәулет Тұрлыхановқа көңіл айтты

19 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз грек-рим күресінен әлем және еуропа чемпионы, олимпиада ойындарының бірнеше дүркін жүлдегері Дәулет Тұрлыхановқа анасы Марзия Айтбайқызының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.