20
Сенбі,
Сәуір

һижри

ҚМДБ: Биыл 518 азамат радикалды райынан қайтты (ФОТО)

25 желтоқсан. АСТАНА. Ummet.kz - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі жұмыс бағыттарының бірі - халықты діни ағарту, дəстүрлі емес діни жолда жүрген азаматтарға түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыру, насихат жүргізу, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Астанада алдағы үш күннің ауа райы белгілі болды

25 желтоқсан. АСТАНА. Ummet.kz – Дүйсенбі мен сәрсенбі аралығында елордада -17 градус шамасында суық болады, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Бас мүфти «Тұлпар мініп, ту алған» эстафетасын Дихан Қамзабекұлына жолдады (ВИДЕО)

22 желтоқсан. АСТАНА. Ummet.kz - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз «Тұлпар мініп, ту алған» ұлттық жобасы бойынша эстафетаны Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мәлік Отбарбаевтан қабыл алып, белгілі ғалым, профессор, алаштанушы Дихан Қамзабекұлына жолдады, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Алматыда салынатын жаңа әуежайдың жобасы

22 желтоқсан. АСТАНА. Ummet.kz - Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру үшін “100 нақты қадам” ұсынылды. Оның 66-қадамында Халықаралық авиациялық хаб құру туралы айтылды. Ол үшін стратегиялық инвесторлар тартып, Алматы іргесінен әлемдік стандартқа сай келетін жаңа әуежай салу ұсынылды, деп хабарлайды kznews.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бас мүфти жаңа ғимаратта Бас кеңесшімен кездесті (ФОТО)

21 желтоқсан. АСТАНА. Ummet.kz - Елордадағы жаңа ғимаратта Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісінің дін істері жөніндегі Бас кеңесшісі Галиб Акын мырзаны қабылдады, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Мәдидің өзі ұстаған Құраны табылды (ФОТО)

19 желтоқсан. АСТАНА. Ummet.kz - ҚР Тәуелсіздігі Күні қарсаңында Павлодар қаласындағы «Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде" табылған жәдігер - күрескер ақын, әнші-композитор Мәди Бәпиұлының өзі ұстаған «Құран Кәрім» кітабын көпшілікке таныстыру мақсатында «Ұлы дала жаңғырығы» атты әдеби кеш өтті, деп хабарлайды mazhab.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі. 

Елбасы қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

15 желтоқсан. АСТАНА. Ummet.kz – Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиынға қатысып, қатысушыларды және барша Қазақстан халқын ұлттық мерекеміз - Тәуелсіздік күнімен құттықтады, - деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Музейде ортағасырлық құдық қайта пайдалануға берілді

14 желтоқсан. АСТАНА. Ummet.kz – Түркістандағы «Әзірет сұлтан» музейінде  Тәуелсіздік күні қарсаңында тарихи жаңалық болды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі ортағасырлық  құдық қайта пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Сурет sputniknews.kz сайтынан алынды.

14 желтоқсан. АСТАНА. Ummet.kz – Маңғыстау өңірінен 5 бірдей ежелгі жерасты мешіті мен 20 құдық табылды, деп хабарлайды kazislam.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі. 

Алматы Дін істері жөніндегі басқармасы Нұр-Мүбарак университетінің ұстаздарын марапаттады

14 желтоқсан. АСТАНА. Ummet.kz – Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы 2018 жылғы жүргізілген жұмыстарға қорытынды жасай келе, Нұр-Мүбарак университетінің бірқатар мамандарына алғыс жариялады, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.