20
Сенбі,
Сәуір

һижри

2021 жылдың діни күндер кестесі бекітілді

7 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2021 жылғы діни күндер кестесін бекітті.

Мешіт жамағаты жаңа қызметке ауысқан имамды құрметпен шығарып салды (ФОТО)

7 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Нұр-Сұлтан қаласындағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Бауыржан Есмаханның жаңа қызметке ауысуына орай мешіт жамағаты бүгін арнайы ризашылықтарын білдіріп, ақ тілек-баталарымен шығарып салды.

ҚМДБ ғимаратында «Әл-Фараби» залы мен «Хәкім Абай» кітапханасы ашылды (ФОТО)

7 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «әл-Фараби» залы мен «Хәкім Абай» атындағы кітапхананың ашылу рәсіміне қатысты.

Бас мүфти Иран елшісімен кездесті (ФОТО)

7 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Маджид Самадзаде Сабермен кездесті.

Елорда имамдары жылды қорытындылады (ФОТО)

7 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің жылдық қорытынды есеп беру жиналысы болып өтті. Шаһар бас имамы Ерболат Жүсіповтің төрағалығымен өткен қорытынды жиналыста Елордамыздағы 12 мешіт бас имамдары 2020 жылы атқарылған іс-шаралар есебін баяндады.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіне бас имам тағайындалды (ФОТО)

7 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен елордадағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіне бас имам болып ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің маманы Хамзат Әділбеков тағайындалды. Бұл туралы мешітте өткен жиналыста Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов мәлімдеді.

Оқырмандармен Call-орталықтағы кезекті кездесу

3 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚМДБ «Діни ақпарат беру орталығында» өткен «Call-орталықтағы сұрақ-жауап» жобасының кезекті эфирі «Исламдағы отбасы» тақырыбына арналды.

Қараша айында 6368 діни сұраққа жауап берілді

3 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі мамандары, қала және облыстардағы пәтуаға жауапты қызметкерлер, сондай-ақ республикалық сall-орталығы қазан айында халықтан түскен жалпы 6368 діни сұраққа жауап берді.

Бауыржан Әбдуәліге отбасы тақырыбына қатысты сауалдарыңызды қоя аласыздар

2 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – «Call-орталықтағы сұрақ-жауап» жобасының кезекті эфирі отбасы тақырыбына арналмақ.

Бас мүфти Ауғанстан елшілігінің сенімді өкілімен сұхбаттасты (ФОТО)

2 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ауғанстан Ислам Республикасы Елшілігінің уақытша сенімді өкілі Омар Азизулламен кездесті. Кездесуге наиб мүфти Ершат қажы Ағыбайұлы, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы қатысты.

MUFTYAT медиа орталығы ашылды (ФОТО+ВИДЕО)

2 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғимаратынан MUFTYAT медиа орталығы ашылды.