Нұр-Мүбарак университетінде докторантураға қабылдау емтихандары басталды

Нұр-Мүбарак университетінде докторантураға қабылдау емтихандары басталды

Ел іші
Жарнама

23 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін Нұр-Мүбарак университетінде «Исламтану», «Дінтану» ғылымдары бойынша докторантураға қабылдау емтихандары басталды, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан  бөлінген мемлекеттік гранттан үміткерлер әдеттегідей «Исламтану» саласына көбірек құжат тапсырған. Талапкерлердің білімін  білікті оқытушы-профессорлардан құралған комиссия саралауда.

Биылғы  қабылдау ерекшелігі  шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары (TOEFL, IELTS және т.б.) міндеттелген. Барлық құжаттарын даярлап, білімдерін сайлап, ғылым әлеміне бел буған магистр-талапкерлердің бабы жанады ма, бағы жанады ма жақын уақытта белгілі болмақ.  

Doktorantura08 2019 1

Doktorantura08 2019 5

Doktorantura08 2019 4

Doktorantura08 2019 3

Бөлісу: