«Әзірет Сұлтан» мешітіндегі тігін үйірмесінің түлектеріне сертификат табысталды (ФОТО+ВИДЕО)

«Әзірет Сұлтан» мешітіндегі тігін үйірмесінің түлектеріне сертификат табысталды (ФОТО+ВИДЕО)

Ел іші
Жарнама

26 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде тағы қуанышты шара болып өтті. Осыдан екі ай бұрын ашылған «Алтын ине» тегін тігін үйірмесінің бүгін алғашқы түлектері оқу курсын тәмамдап, арнайы сертификатқа ие болды, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, қасиетті Рамазан айының қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Әзірет Сұлтан» мешітінде жамағатқа арналған тегін тігін курсы ашылған болатын. Шәкірттерді тігін өнерінің сырына қанықтырып, шеберлікке шынықтырған үйірме жетекшісі Рахметова Салтанат осы уақыт ішінде 35 қыз-келіншектің «Әйелдің базалық киімдерін пішу және құрастыру технологиясы» бойынша оқу бағдарламасын толығымен тәмамдағанын айтады. Үйірме шәкірттері арасында жасы жер ортадан асқан апалардан бастап, оқушы қыздар да бар көрінеді.

Салтанатты шараға арнайы қатысқан ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы үйірме шәкірттерін бүгінгі қуаныштарымен құттықтады. Асыл дініміздің әйел затына деген айрықша құрметімен қатар, міндеті де бар екенін тілге тиек еткен наиб мүфти тігіншілік өнерін меңгеріп, бойына жақсы қасиеттерді жинауға тырысқан жамағатқа өз ризашылығын білдірді. Алдағы уақытта мешіт ұстаздарының атсалысуымен тағы басқа да үйірмелер ашу  жоспарланып отырғанын жеткізді.

Шара аясында «Әзірет Сұлтан» мешінің ұстазы Динара Нұрғалиева да үйірме шәкірттеріне құттықтауын лебізін білдіріп, жаңа оқу жылындағы жоспарларымен бөлісті. Мешіттің әйел жамағаты үшін жасалатын түрлі шаралар мен кездесулер, уағыз-насихат жұмыстары мен діни дәрістерден бөлек, арнайы семинар-тренингтер мен үйірмелер жұмысы да жалғасатынын жеткізді.

Шара соңында үйірме шәкірттері мерекелік дастарханға жайғасып, айтулы оқиғаға орай әзірленген «Алтын ине» тортынан дәм татты.

189f2a1a1e20226a4ed2287456bd9ade

74493ce8ee4648def7db62e64bae9a2d

5fa5863dea33662ec061193f8cae0a49

648f157703204497c19fc69a1a9683c2

817ddfbb3888c463eb81fc24c83f11f0

36385cd7d11076d713d159be99dba025

f71834231f1b21ee5e128042be028a87

65c25119dafad98ea07462e8d0a4207a

6dd88ee0c8be7c6b81964fd90fb9b67c

54faa49c799076e417cfeea1aea1c8c2

c9090a4cb590cacf288c79bc77b56c5a

22db44099246c4fde918430867abdddd

6d36075d3d1d92835f8d3de6a711330e

Бөлісу: