«Астана» медресесінде жаңа оқу жылына шәкірт қабылдау емтиханы өтті (ВИДЕО+ФОТО)

«Астана» медресесінде жаңа оқу жылына шәкірт қабылдау емтиханы өтті

Ел іші
Жарнама

28 тамыз. НҰР-СҰЛТАН. Ummet.kz – ҚМДБ-ның қарасты «Астана» медресесіне 2019-2020 оқу жылына жаңадан шәкірт қабылдау емтиханы өтті, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі. 

Емтихан қабылдауға  ҚМДБ-ның діни білім және кадр дайындау бөлімінің басшысы Мырзагелдиев Бейбіт Әліпбекұлы, ҚМДБ-ның Діни білім және кадр дайындау бөлімінің маманы Кожин  Жаңабай  Маратұлы, Астана медресе колледжінің директоры  Сматаев Ибраһим Келдібайұлы, Астана медресе колледжінің директорының бірінші орынбасары Оңғарбаев Қанат Қалымбетұлы қатарлы мамандар қатысты.

Қабылдау комиссиясы үміткерлерді арнайы билет бойынша ауызша сынақтан өткізді. Қазақстан тарихы, қазақ тілі және арнайы пәндерден емтихан тапсырған үміткерлер ішінен үздік нәтиже көрсеткен 35 шәкірт таңдап алынатын болады.

Айырықша айта кететін бір жайт, биыл «Астана» медресесінде арнайы қыздар бөлімі ашылған болатын. Аталған бөлімге түсуге ниетті қаракөздеріміз де сынақ тапсырып, білім деңгейлерін көрсетті.

Жаңадан ашылған қыздар бөлімі «Алжан ана» мешітінің жанындағы медресе ғимаратында оқитын болады.

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Бөлісу: