Елордалық әйел ұстаздардың дайындықтары пысықталды (ФОТО)

Елордалық әйел ұстаздардың дайындықтары пысықталды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

29 тамыз.  Нұр-Сұлтан.  Ummet.kz - Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде Нұр-Сұлтан өкілдігінің әйел ұстаздарына арналған жалпы жиналысы өтті, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Қаладағы 11 мешіт бойынша ұстаздық қызмет атқарып, дініміздің дамуына өзіндік үлес қосып келе жатқан ұстаздар қауымы жаңа оқу жылы қарсаңында жоспарларын бекітіп, жаңа жобалар жайын пысықтады.

Бас шаһардағы 11 мешіт бойынша Әйелдер-қыздар секторының жауапты маманы, ұстаз Динара Нұрғалиеваның жетекшілігімен өткен жиналысқа «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев қатысып, жұмыс бағыттарымен танысты.

Атап айтқанда, бірер күннен соң барлық мешіттерде басталатын Діни сауат ашу курсының жұмыстары, дәрістер мен сабақ жүйесі талқыланды. Сондай-ақ, әйел жамағаты арасында теріс ағым зардаптарынан сақтандыру мақсатында үгіт-насихат жұмыстарының жүйесі күн тәртібіндегі мәселелердің бірі болды. Отбасы құндылықтарын дәріптеу, әйел жамағатының білімін арттыру, түрлі мәдени шаралар ұйымдастыру, т.б. түйткілді тақырыптар қозғалған жиналыс барысында ұстаздар қауымы өз ойларын ортаға салды.

3f3f7a34b9252fe7058ec043fdeb22bf

 8c58b442e80ecc7375b0db2c56633114

53ed103c61a9b6590880b4125f87a4e0

af5f587162ceea0d88326b96449f63df

66668afb4bb153b7491b1952dcea9a03

Бөлісу: