«Талаба» қауымдастығының жетекшісіне куәлік табысталды

«Талаба» қауымдастығының жетекшісіне куәлік табысталды

Ел іші
Жарнама

3 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев «Талаба» қауымдастығының жетекшісі Тілепберген Жәкиевке Қауымдастық жетекшілігін куәландыратын куәлік табыстады. Бұл туралы muftyat.kz сайтына сілтеме жасай отырып ummet.kz тілшісі хабарлайды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан «Талаба» қауымдастығы құрылған болатын, Бұл қауымдастық шетелдік оқу орындарында діни бағытта оқитын қазақстандық студенттермен жүйелі жұмыс жүргізетін, бірлескен игі жобаларды жүзеге асыру мақсатында құрылған.

Қауымдастық ҚМДБ мен шетелде діни білім алатын студенттер арасында алтын көпірге айналмақ. Оларға әлеуметтік көмек көрсету, түрлі діни ағымдардың уағызына алданып қалмауын қадағалау, әртүрлі бағытта игі шараларды ұйымдастыру, т.б. – «Талаба» қауымдастығының негізгі мақсаты.

Бөлісу: