Бас мүфти профессормен пікірлесті (ФОТО)

Бас мүфти профессормен пікірлесті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

5 қыркүйек.Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас кеңсесінде Бас мүфти Серікбай қажы Ораз ҚР дипломатиясына еңбегі сіңген қайраткер, экономика ғылымдарының докторы, Еуразия ұлттық университетінің профессоры Сайлау Батыршаұлымен кездесті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Басқосуда қазақ дипломатиясының тарихы мен шет елдермен қарым-қатынастың тәуелсіздік жылдарындағы аяқ алысы, Алматыдағы Нұр-Мүбәрак университетінің ашылу тарихы, жастардың рухани өмірі мен бүгінгі болмысы сөз болды.

Бас мүфти профессорға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бүгінгі тынысы мен тіршілігі, рухани саладағы игі жобалары жайлы әңгімелеп берді. Сонымен қатар, 2020 жылы мүфтияттың ашылғанына 30 жыл толуына орай жүзеге асатын ауқымды шаралар жайлы сөз болды.

Қазақ дипломатиясына еңбегі сіңген қайраткер ҚМДБ-ның бастамалары мен игі істеріне тілеулестік білдіріп, авторлық еңбегін Серікбай қажы Оразға сыйға тартты.

348A7714

348A7718

news image 18133

348A7764

348A7785

348A7795

Бөлісу: