Елорда мешіттері қалалық сенбілікке қатысты (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

23 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласында сенбілік шарасы өтті, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бас шаһардағы тазалық науқанына Елорда мешіттері де белсене атсалысып, құлшылық ордаларының маңы түгелдей тазартылды. Сондай-ақ, мешіт ғимараттарының ішіне де тазалық жұмыстары жүргізіліп, кем-кетіктері жөндеуден өтті.

Қала бойынша өткен сенбілік жұмысына мешіт имамдарының ұйытқы болуымен шәкірттер қауымы мен мешіт жамағаты белсене атсалысып, құлшылық ордаларының күзгі көрінісіне көрік қоса түсті. Жер бетіндегі Алланың үйі – мешітке деген құрмет пен сүйіспеншіліктің үлгісін ісімен көрсетіп, тазалық жұмыстарына білек түре кіріскен имамдар әрекеті сенбілікке қатысқан жамағаттың ыстық ықыласын тудырды.

Бөлісу: