ҚМДБ: Ұлттық аударма бюросымен ынтымақтастық артады (ФОТО)

ҚМДБ: Ұлттық аударма бюросымен ынтымақтастық артады (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

26 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Баспа жұмысының мүмкіндігін арттыру мақсатында ҚМДБ Баспа және аударма бөлімінің меңгерушісі, «Мүфтият баспасының» директоры Мұрат Манапұлы мен баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы Алматы қаласында Ұлттық аударма бюросының Бас рекдакторы, белгілі журналист Мұхтар Сеңгірбаймен кездесті, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан «Мүфтият баспасы» ашылғаны белгілі.

Баспаны ашудағы мақсат – мүфтияттың төл баспа өнімдерін (кітап, газет, журнал, таратпа материалдар, т.б.) шығарып, халыққа тарату.

Баспа жұмысының мүмкіндігін арттыру мақсатында ҚМДБ Баспа және аударма бөлімінің меңгерушісі, «Мүфтият баспасының» директоры Мұрат Манапұлы мен баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы Алматы қаласында Ұлттық аударма бюросының Бас рекдакторы, белгілі журналист Мұхтар Сеңгірбаймен кездесті.

Кездесуде біріккен жобаларды жүзеге асыру, тәжірибе алмасу, жеке тұлғаны дамытуға арналған кітаптарды шығару сынды мәселелер талқыланды. Аударма және кітап шығару ісінің әдіс-тәсілдері сөз болған басқосуда қоғамға пайдалы баспа өнімдерін ұсыну жайы қозғалды. Мұхтар Сеңгірбай Ұлттық аударма бюросы «Мүфтият баспасы» жұмысының жандануына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

Айта кетсек, 2017 жылы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын жүзеге асыру үшін коммерциялық емес «Ұлттық аударма бюросы» құрылды.

Жоба аясында тарих, философия, социология, психология, антропология, мәдениеттану, дінтану, лингвистика, инновация, медиа, экономика, менеджмент, кәсіпкерлік, кинотану, театртану салалары бойынша әлемнің маңдайалды университеттерінде оқытылатын үздік оқулықтар қазақ тіліне аударылуда.

0x0 64

0x0 65

Бөлісу: