Елордада жаңа мешіт ашылды (ФОТО)

Елордада жаңа мешіт ашылды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

28 қыркүйек.Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгінгі қасиетті жұма Елорда жамағаты үшін айрықша қуанышқа толы болды. Қала шетінде орналасқан Байқоңыр ауданындағы Өндіріс елді мекенінде «Әр-Рахман» мешітінің құрылысы аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Халық саны тығыз орналасқан бұл аудандағы басты мәселелердің бірі - құлшылық ордасының жоқтығы болатын. Көптен күткен қуанышты оқиғаға жиылған жамағаттың көптігі де осыны аңғарта түскендей. Алысқа сабылмай, жақын жерде Жаратқанға құлшылық жасауға мүмкіндік туғанына тұрғындардың барлығы да дән риза.

Құран аяттарымен шымылдығы ашылған игі шараға ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, қасиетті құлшылық ордасының тұсауын кесті. Сондай-ақ, жамағатпен жұма намазы оқылып, сол ауылдың ауызы дуалы ақсақалдары көпшілікке батасын берді.

Айта кетейік, бұрын «Нұр Астана» мешітінде наиб имам болып қызмет атқарған Руслан Байзақов «Әр-Рахман» мешітінің бас имамы болып тағайындалды.

news image 18294

b01da3f714fff401c743f45796139010

b05bdbebf95d74ab5b7460267e077dc5

92601f2d72de3b5082dada83b5910ec8

Бөлісу: