Форум құжаттары талқыланды (ФОТО)

Форум құжаттары талқыланды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

7 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен Елордада өтетін ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданатын бірқатар құжаттардың мәтіні талқыланды, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Алқалы жиынға ҚМДБ төрағасының Бірінші орынбасары Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфти Бауыржан Есмахан, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Бас мүфти кеңесшісі Балтабай Мекежанов, бөлім меңгерушілері мен мамандары қатысты.

Айта кетсек, форумда  төмендегі құжаттар қабылданады: 

  1. ҚМДБ ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ ДІНИ ЛАУАЗЫМДАР ТІЗІЛІМІ;
  2. ҚМДБ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АТҚАРАТЫН ДІНИ РӘСІМДЕР ТІЗІЛІМІ;
  3. ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫНЫҢ «ЖЕТІ РУХАНИ ҚАЗЫҒЫ» ҰСТАНЫМЫ;
  4. ҚМДБ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ;
  5. ІІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИМАМДАР ФОРУМЫНЫҢ ҮНДЕУІ.

Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы республикалық шараның мәніне айрықша тоқталып, дайындық жұмыстарын ұдайы пысықтап отыруды тапсырды.

Бөлісу: