ІІ облыстық дінтанушылар форумы өтті

ІІ облыстық дінтанушылар форумы өтті

Ел іші
Жарнама

17 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін Талдықорған қаласының Салтанат сарайында ІІ облыстық дінтанушылар және діни бірлестік жетекшілерінің форумы болып өтті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Форумға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі Әзілханов Марат Алмасұлы, облыс әкімі орынбасары Байжұманов Батыржан Құлаймергенұлы, ҚМДБ-ның «Халықаралық қатынастар және хаттама» бөлімінің меңгерушісі, исламтанушы Оңғаров Ершат Ағыбайұлы, ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлы, дінтанушы-ғалымдар, аудан-ауыл имамдары, шіркеу жетекшілері қатысты.

ҚМДБ-ның «Халықаралық қатынастар және хаттама» бөлімі меңгерушісі Оңғаров Ершат Ағыбайұлы форумда баяндама жасады. Форум жұмысының нәтижесі бойынша үндеу қабылданды.

Сондай-ақ, форумда «Үздік дін қызметкері» және «Үздік ғибадатхана» номинациялары бойынша облыс әкімі Амандық Батталовтың атынан дін қызметкерлеріне дипломдар және алғыс хаттар табыс етілді.

0x0 2019 10 17T094531.846

0x0 2019 10 17T094604.397

0x0 2019 10 17T094523.583

0x0 2019 10 17T094527.437

0x0 2019 10 17T094558.990

0x0 2019 10 17T094609.317

 

Бөлісу: