Жамағат ризашылығын білдірді (ФОТО)

Жамағат ризашылығын білдірді (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

18 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Мешіт жамағаты «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бұрынғы Бас имамы Нұрлан Рамазановқа мешіт жамағаты ризашылықтарын білдіріп, қазақы салт-дәстүр бойынша иығына шапан жапты, деп хабарлайды sunna.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен, Нұрлан Рамазанов «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы қызметінен босытылып, «Нұр Астана» мешітіне Бас имамы қызыметіне ауысқан болатын. Осыған орай, аз уақытта атқарған тындырымды жұмыстарына дән риза болған мешіт жамағаты қасиетті жұма күні Нұрлан Бекболатұлының иығына шапан жауап, алғыс білдірді.

Қазыналы қарттардың бірі – батагөй Ғабдрақман ақсақал жаңа жауапты қызметке ауысқан Нұрлан имамға көпшіліктің алғыс лебізін жеткізді. Сонымен бірге Бас имамдық қызметке тағайындалған Бауыржан Есмаханға сәттілік тілеп, батасын берді.

01

CUGH2CnZNmI

Бөлісу: