Мәшһүр Жүсіптің немересі, танымал ғалым Қуандық Пазылұлы қайтыс болды

Мәшһүр Жүсіптің немересі, танымал ғалым Қуандық Пазылұлы қайтыс болды

Ел іші
Жарнама

23 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақтың біртуар ғалымы, әйгілі Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің немересі Қуандық Пазылұлы Мәшһүр Жүсіп 78 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды baq.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бұл туралы павлодарлық жазушы Серік Елікбай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Қуандық Пазылұлы 1941 жылы 2 қарашада Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Мәшһүр Жүсіп (бұрынғы «Жаңа жол» ауылы) ауылында дүниеге келген. 

Асылдың жалғасы, Мәшһүр-Жүсіптің немересі, қазақ әдебиетінің қажырлы ғалымы, жазушы, драматург Қуандық Фазылұлы Мәшһүр-Жүсіптің жерлеу рәсімі 25 қазанда сағат 11:00-де Ескелді шатқалында, Атаның басында өтеді. Өз үйінен сағат 8:00-де шығады. (Павлодар қаласы, Бектұров 2/1)

Бөлісу: