Имамдар форумы «Ашық алаңда» талқыланды (ФОТО)

Имамдар форумы «Ашық алаңда» талқыланды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

28 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасындағы «Ашық алаң» бағдарламасы кезекті шығарылымын Елордада өткен «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты ІІІ республикалық имамдар форумына арнады, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бағдарламаға Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, мемлекет және қоғам қайраткері Әділ Ахметов, Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов, белгілі ғалым Омар Жәлелұлы, дінтанушы-ғалым Тұрар Әбуов, журналист Мұхтар Тұртайұлы қатысты.

Сарапшылар форумда қабылданған «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының Рухани Тұғырнамасы», «Діни рәсімдер тізілімі» құжаттарын талқылады. Сонымен қатар, қоғамға рухани құндылықтарды насихаттаудың тетіктерін ортаға салды.

Бағдарламаның бас қонағы болған Бас мүфти Серікбай қажы Ораз: «Расында, тіршіліктің құлшылықсыз, ал құлшылықтың тіршіліксіз мәні болмайтыны секілді, адамның өмір сүру салты мың құбылған мына заманда рухани құндылықтар маңызы күн санап артуда. Ізгілікке негізделмеген істің ілгері жүрмейтінін өмірдің өзі дәлелдеуде.

Сондықтан үшінші имамдар форумына «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты тақырыпты арқау етіп алдық. Тарихымызға зер салсақ, «ахун», «қалпе», «ишан» деген діни лауазымдар болған. Олардың атқаратын діни қызметі бір болғанымен, бағыты мен саласы әртүрлі. Осы ретте біз діни рәсімдердің тізілімін әзірлеп, бекіттік. Бұл – заманның талабынан, қоғамның сұранысынан туындаған тарихи құжат. 45 тармақтан тұратын тізілім – қоғамға қажетті діни рәсімдер», – деп атап өтті.

a87af2a5 f29a 43e2 a7c9 3fed6c19b2be

f1cd0761 06a7 4a30 b294 e5234647e51a

6d2d7956 f888 4b90 a10d 67320510635f

bb19e5e8 75f4 4d1b 9894 aac96738a420

b9e1ff8a c4c0 4883 b8cc d0d6cbed42e4

1c0c7f4f 6243 45f3 b71c 99a424cedde4

18356af0 b894 4087 a551 d58327d3074f

Бөлісу: