Ағабек Қонарбайұлы Павлодар имамдарына семинар өткізді

Ағабек Қонарбайұлы Павлодар имамдарына семинар өткізді

Ел іші
Жарнама

6 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Баспасөз хатшысы, белгілі журналист Ағабек Қонарбайұлы Павлодар облысындағы аудан, қала имамдарына семинар өткізді. Семинар «Әлеуметтік желімен жұмыс және мақала жазу әдептері» тақырыбына арналды, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Ағабек Қонарбайұлы имамдармен әлеуметтік желіде отыру, жазба қалдыру тәртібі туралы әңгіме өрбітті.

– Бүгінде әлеуметтік желі әрбір адамның айнасына айналды. Сондықтан, оған ерекше мән берген жөн. Себебі, көпшілік Сіз бен бізді желілердегі жазбаларымызға қарап бағалайды. Мұнда маңызы жоқ нәрсені әңгіме қылып, жұртқа пайдасы жоқ дүниені жариялаудың қажеті жоқ. Әсіресе, имамдар ұлағатты, тәлімді дүниелерді насихаттауы керек, – деді Ағабек Қонарбайұлы.

Сондай-ақ ол мақала жазу әдептеріне тоқталды.

– Жазу өміріміздің бір бөлшегіне айналып кетті. Қаласақ та, қаламасақ да осыған келдік. Мәселен, Сіздер, имамдар, жоқ дегенде хат, мақала жазасыздар. Сондықтан жазу машығын жақсылап меңгерген дұрыс, – деді ҚМДБ-ның Баспасөз хатшысы.

Ағабек Қоңарбайұлы жазу машығын қалыптастыратын, оны одан әрі дамытатын әдіс-тәсілдерді түсіндіріп берді.

Елордалық мейман имамдарға журналистермен бірлесе жұмыс істеу тәртібін де кеңінен әңгімеледі.

Сондай-ақ жуырда ғана жарыққа шыққан ҚМДБ-ның төл басылымы – «Мұнара» газеті туралы әңгімелеп, имамдарды бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыс орнатуға шақырды.

Семинарға қатысқан имамдар ҚМДБ-ның Баспасөз хатшысына өздерін толғандырған сұрақтарын жолдап, жауап ала алды.

Сонымен қатар, қатысушыларға семинардың тақырыбын аша түсетін бейнероликтер көрсетілді.

a490b3d9 6fa4 4531 a3ae 5ad725bfa5b7

49d7ea7e 8f7d 4fbe 92a1 10faf5816c68

771df02d c8c1 4d77 89aa a805dcabc0de

5b6cba3f a1da 4736 814d fe38f4306c17

7570d62c d18b 4771 9e00 98187aee40f7

ac872f7b 61da 44bb 92d6 f7a6b8dbc79c

cb24afd9 359f 4405 99f2 09aced3f59d9

Бөлісу: