«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» атты эссе байқауы аяқталды

«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» атты эссе байқауы аяқталды

Ел іші
Жарнама

26 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасы Нұр-Сұлтан қаласының Дін проблемаларын зерттеу орталығымен бірлесе отырып, қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында, орта білім беру орындарының оқушылары мен колледж студенттері арасында «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» атты эссе байқауының қорытынды кешін өткізді, деп хабарлайды kazislam.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Кеш басында Дін проблемаларын зерттеу орталығының директорының міндетін атқарушы Жапал Долиев сөз сөйлеп, жиналған қауымды Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Конкурс 30 қыркүйекте басталып, бүгінгі күнге дейін 100-ден аса шығарма келіп түскен. Жұмыстарды бағалау «эссенің байқау тақырыбымен сәйкестігі, тақырып бойынша теориялық және нақты материалдарды меңгеру, мәтіннің қисындылығы, академиялық мәтінді ұйымдастыру дағдысы, байланыстылығы, жүйелілігі, мазмұндау реті, жазу мәдениеті, сауаттылығы, жеке пікірдің көрінуі» сынды критерийлер бойынша сараланды.

Байқау қорытындысы бойынша: І орынды Астана гуманитарлық колледжінің 2 курс студенті Болысбекова Нұрай Шыңғысқызы (ноутбук), ІІ орынды №18 орта мектебінің оқушысы Сарсенбаева Жанерке Сахаббадинқызы (электронды кітапша), ІІІ орынды №53 мектеп-лицейі оқушысы Абзалханова Айғаным (ұялы телефон) иеленді.

Өзге 10 қатысушыға ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Іс-шараға Досымжан Таңатаров, Серікзат Дүйсенғазы, Зейін Әліпбек, Мухамедали Болатұлы сынды мәдениет және қоғам қайраткерлері қатысып, жүлдегерлерге, байқау қатысушылары мен олардың жетекшілеріне сыйлықтар мен сертификаттарды табыс етті.

278A0483

278A0486

278A0489

278A0519

55555555

A0606

A0611

Бөлісу: