Патриоттар форумы өтеді

Патриоттар форумы өтеді

Ел іші
Жарнама

26 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – 28 қарашада Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық музейінде жыл сайынғы республикалық Патриоттар форумы өтеді, деп хабарлайды aikyn.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Ауқымды іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша ұйымдастырылып отыр.

Форумның мақсаты – халықтың патриоттық рухын нығайтып, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға тәрбиелеу. Ұлттық біртектілікті нығайтудың ажырамас құрамдас бөлігі ретінде мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын насихаттау.

Салтанатты шараға Қазақстанның барлық өңірінен 200 делегат қатысады. Олардың ішінде өз кәсібінің үздік өкілдері, ел үшін қалтқысыз қызмет етіп, күнделікті еңбегімен және үлгілі ісімен жұрт назарына ілінген азаматтар «Жыл патриоты» номинациясымен марапатталады.

Бөлісу: