AL BA Foods Company өнімдері шариғат талабына сай

AL BA Foods Company өнімдері шариғат талабына сай

Ел іші
Жарнама

19 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС тексеру тобының кезекті нысаны AL BA Foods Company ЖШС-нің өнімдері талапқа сай шықты, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат талаптарына сәйкес халал өнімдерін сертификаттау бағытында да қызмет етіп келеді. Өйткені ішіп-жеген асымыздың адал болуы маңызды.

Аллаға шүкір, өндіріліп жатқан және тұтынушыға ұсынылып жатқан өнімдерін шариғат талаптарына сәйкес адал болуын қалайтын иманды жандар саны артып артып келеді. Бес күндік пайданы ғана ойламай ақыретін де есепке алған кәсіпкерлердің әрекеті өзгелерге үлгі болса деген ниеттеміз.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан ашылған «Халал даму» мекемесі пайда табу үшін жұмыс істемейді әрі кәсіп етпейді. Мақсат – дүние мен ақыреттің таразысын тең ұстау. Шариғат бұйырғандай астың адалын ұсыну. Осы мақсатта халал сертификатын алған мекемелерге үнемі тексеріс жасалып тұрады. Себебі де белгілі. Біріншіден Алланың алдында, екіншіден жамағаттың алдында үлкен жауапкершілікті арқалап келеміз. Кезекті тексерісті Алматы қаласындағы AL BA Foods Company ЖШС-нің өнімдеріне жүргізілді. Мекеме шығаратын ет өнімдері TreeGene молекулярлық-генетикалық зертханадан өткізілді. Зертхана нәтижесі көрсеткендей талапқа сай екені анықталды.

alba1

alba1

alba1

alba1

alba1

alba1

alba1

Бөлісу: