23 000 данамен 9 кітап шықты (ФОТО)

23 000 данамен 9 кітап шықты (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

24 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz –  Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Баспа және аударма бөлімінің басшысы Мұрат Әбдіхалық мәлімдеді, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Оның мәлімдеуінше, 2019 жылы мүфтият қызметкерлерінің 9 кітабы 23 000 данамен оқырманға жол тартты. «Қасиетті Құран Кәрімнің артықшылығына қатысты қырық хадис», «Ислам әдебі», «Әз Пайғамбар хақ жолы», «Пәтуалар жинағы ІІ» сынды еңбектер MUFTYAT баспасынан жарық көрді.

Сонымен қатар, 2000 данамен «Зекет – бес парыздың бірі», «Рамазан айы мүбарак болсын!», «Жастардың жадында жүруі тиіс жайттар», «Рамазан нұр шашқан ай», «Құрбан шалу жайында жиі қойылатын сұрақтар»,  «Мұсылманның тұлғалық бейнесі»,  «Намаз оқу тәртібі»,  «Ислам және отбасы құндылықтары», «Мұсылманның білуі тиіс жайттары», «Құран бағыштауды үйренейік», «Ғибратнама» сынды кітапшалар мен «Намаз оқып үйренейік», «Дәрет алудың тәртіптері», «Салауат қалай айтылады?» секілді бүктемелер жамағатқа таратылды.

kitap1

kitap1

kitap1

kitap1

kitap1

Бөлісу: