ҚМДБ-30: Иордания елшісі 30 жылдық мерейтоймен құттықтады

ҚМДБ-30: Иордания елшісі 30 жылдық мерейтоймен құттықтады

Ел іші
Жарнама

17 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Иордан Хашимит Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Юсуф Абдельғани Бас мүфти Серікбай қажы Оразға құттықтау хатын жолдады, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

ҚМДБ қызметкерлерін 30 жылдық мерейтойымен құттықтаған Юсуф Абдельғани құттықтау хатында ізгі тілегі мен ниетін жеткізген.

«Сізге және Басқарма ұжымына Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толуына орай жолдаған құттықтауым мен жүрекжарды тілегімді қабыл алуыңызды сұраймын. Сіздердің ізгі де сауапты қызметтеріңізге толағай табыстар мен жетістіктер тілей отырып, Сіздің мол тәжірибеңіз бен діни біліміңіз бауырлас қазақ елінің рухани жандану жолында өз септігін тигізетіндігіне сенім білдіремін» делінген Иордан Елшісінің құттықтау хатында.  

30jil

Бөлісу: