Рухани жастар: Абай қарасөздерінің құпиясы ашылды (ВИДЕО)

Рухани жастар: Абай қарасөздерінің құпиясы ашылды (ВИДЕО)

Ел іші
Жарнама

20 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі «Рухани Жастар» қанатының «Зейін» оқырмандар клубы Абай Құнанбайұлының 1-10 қарасөздеріне талдау жасады, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Журналист Оразбек Сапархан жиналған қауымға хакімнің қарасөздеріндегі түпкі ойлардың мән-мазмұнын ашып берді.

Сондай-ақ, кеш қонағы Оразбек Сапархан Абай заманында орын алған қазақ даласындағы оқиғаларға талдау жасап, ақынның ішкі толғаныстары туралы сөз етті. Кеш соңында оқырмандар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, өзара пікір алмасты. Және де клуб мүшесі Ернат Мелсұлы «Зейін» кітапханасына өзінің авторлық кітабын тарту етті.

zeyin01

Бөлісу: