Е тағамдық қоспалары туралы түсіндірді

Е тағамдық қоспалары туралы түсіндірді

Ел іші
Жарнама

2қаңтар. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің сарапшы-технологы Арайгүл Бақытқызының қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласындағы «Aq meshit»-те «Адал ас – жанға дауа» атты ақпараттық семинар өтті, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«Aq meshit» әйел-қыздар секторының ұстаздары Жұлдыз Қажуева бен Әсел Қыдырмина ұйымдастырған семинарға 50-ге жуық әйел жамағаты қатысты.

Семинарда халалдың құлшылығымыз бен өміріміздегі орны, харам және күмәнді тағамдардың адам денсаулығына тигізер зияны, «Е тағамдық қоспалар», тағамдық қоспаларға қатысты соңғы шыққан пәтуалардың үкімі секілді біраз тың мағлұматтар берілді.

Семинар барысында қатысушыларға арнайы дайындалған ақпараттық слайд көрсетіліп, әзірленген «Е тағамдық қоспалар» кітабының электронды нұсқасы таныстырылды.

Жиын соңында қатысушылар технолог маманнан көкейлерінде жүрген біраз сұрақтарға тұшымды жауап алды.

aqmeshit1

aqmeshit2

Бөлісу: