ҚМДБ-30: «ИМАН» журналы шығармашылық байқау жариялады

ҚМДБ-30: «ИМАН» журналы шығармашылық байқау жариялады

Ел іші
Жарнама

23 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты ай сайын шығатын діни-танымдық «Иман» журналы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толуына байланысты «Қазақстан мүфтияты: өткені, бүгіні, ертеңі» атты шығармашылық байқау жариялайды, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Байқаудың мақсаты:

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тарихын, бүгіні мен ертеңіне шолу жасау, өткеннен ғибрат алу, болашақты бағдарлау, діни тақырыптағы шығармашылықты дамыту.

Байқаудың міндеттері:

Зерттеушілердің ізденісін арттыру;

Дін жолында қызмет еткен жандардың есімін ұлықтау;

ҚМДБ-ның қоғамдағы рөлін арттыру;

Осы тақырыпта жазып жүрген авторларға кәсіби мотивация беру;

Діни қызметкерлердің өнегелі істерін ақпарат құралдары арқылы насихаттау.

Байқау шарттары:

Байқауға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық (1990-2020 жылдары аралығында) тарихы кезеңінде діни басқармаға, оның құрамында қызмет еткен діни қызметкерлерге қатысты жазылған қызықты оқиғалар, зерттеулер, сұхбаттар, естеліктер, әсерлі әңгімелер жіберіледі.

Шығармашылық жұмыстар Word файлы түрінде қабылданады. Мақала көлемі Times New Roman шрифтімен 14 кегль өлшемінде, біртекті (одинарный) интервалмен теріліп, жалпы көлемі 4 беттен аспауы тиіс.

Жұмыстар ұйымдастырушының мекен-жайына (Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 16) және This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды поштасына «Байқауға» айдарымен жолдануы тиіс.

Бір қатысушы бір номинацияға тек бір материал ғана жібере алады.

Материалдар қазақ тілінде қабылданады.

Байқауға Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Қатысушылар шығармашылық жұмыстарға өздерінің толық аты-жөнін, телефон нөмірін, мекен-жайын, электронды поштасын және өздері туралы қысқаша мәліметті қосып жазып, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды поштасына жіберуі керек.

Байқау талаптары:

Байқауға шығармашылық жұмыстарды қабылдау 2020 жылдың 1 ақпанда басталып, 2020 жылдың 31 тамызда аяқталады.

Қазақстанның егемендігіне, біртұтастығына, бірлігіне нұқсан келтіретін, байқау шарттарына сай келмейтін материалдар байқауға қабылданбайды.

Шығармашылық жұмыстардың мазмұны жобаның атауына («Қазақстан мүфтияты: өткені, бүгіні, ертеңі») сай болуы керек.

Байқау барысы:

Қазылар алқасы үздік деп таныған шығармашылық материалдар «Иман» журналында жарияланады.

Жеңімпаздарды кәсіби журналистер мен діни мамандардан құрылған қазылар алқасы анықтайды.

Жеңімпаздар 2020 жылдың қазан айында өтетін шығармашылық қорытындылау рәсімінде марапатталып, жүлде табысталады.

Байқауға қатысу үшін ұсынылған жұмыстар: шынайылығына, ерекшелігіне, мазмұнына, көркемдігіне, сапасына, өзектілігіне, толымдылығына және т.б. сипаттарына қарай бағаланады.

Жүлде қоры:

Бас бәйге: Ұмра қажылығына жолдама;

І орын – 150 мың теңге;

ІІ орын – 100 мың теңге;

ІІІ орын – 75 мың теңге;

Ынталандыру сыйлығы үшеу, әрқайсысы 30 мың теңгеден.

Ұйымдастырушылар:

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен діни-танымдық «Иман» журналы.

Толық ақпаратты +7 778 948 7410 нөмірі арқылы біле аласыздар. (Сұрақтарыңызға дүйсенбі-жұма күндері аралығында сағат 09.00-18.00 ара-сында жауап бере алады).

«Иман» журналының мекен-жайы:

Алматы қаласы, Пушкин көшесі 16.

Индекс 050016,

Телефондар: 8 (727) 397 63 84, +7 778 948 74 10

E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Бөлісу: