АҚШ-та әл-Фараби мен Абай бейнеленген монета және марка шығарылды

АҚШ-та әл-Фараби мен Абай бейнеленген монета және марка шығарылды

Ел іші
Жарнама

24 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстанның Вашингтондағы елшілігі әл-Фарабидің ескерткіш монеталарын, сондай-ақ Абай Құнанбайұлы бейнеленген пошта маркаларын шығаруға бастамашылық етті, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Монетаның алдыңғы жағында әл-Фараби бейнеленген, ал екінші жағында қазақ халқының мәдени және рухани мұрасының қайта өркендеуінің символына айналған «Рухани жаңғыру» логотипі орналасқан.

Сонымен қатар, елшілік биыл әл-Фараби мен Абай Құнанбайұлының мерейтойларына арналған бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, ақпан айында АҚШ-тың жетекші университеттерінде қазақ фильмдерін көрсете бастайды.

abai6

Бөлісу: