«Астана» қыздар медресесіне демеушілік жасалды (ФОТО+ВИДЕО)

«Астана» қыздар медресесіне демеушілік жасалды (ФОТО+ВИДЕО)

Ел іші
Жарнама

27 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана» медресесінің Қыздар бөлімінде қуанышты оқиға орын алды, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы және Орталық Азия құрылысшылар Одағының президенті Алман Жалғас Кәкімұлы діни оқу ордасын арнайы зиярат етіп, қайырымдылық көмегін ұсынып қайтты. 1 млн теңге көлемінде көрсетілген қаржылай көмек медресе қажетіне жаратылады.

Құрметті қонақты «Әлжан ана» мешітінің бас имамы Әділхан Иманәліұлы өзі қарсы алып, Қыздар медресесінің жай-күйімен таныстырып шықты.

Айта кетйік, қазіргі таңда Қыздар медресесінде 20-ға жуық шәкірт білім алу үстінде. Медресе қызметіне үш ұстаз және бір тәрбиеші қамтылған. Сондай-ақ, техникалық қызметкерлер құрамы да бар. Діни оқу ордасының оқу жүйесі орнығып, жұмыс барысы бір жолға түскенімен, жанашыр азаматтардың қолдауы қашанда қажет дейді Әділхан Иманәліұлы.

Осы орайда, Жалғас Кәкімұлының айтуынша, алдағы уақытта Қазақстан Республикасы және Орталық Азия Құрылысшылар Одағы «Астана» медресесінің Қыздар бөліміне қамқорлық жасап, қолдау көрсетіп тұратын болмақ.

aljan1

aljan1

aljan1

aljan1

aljan1

aljan1

aljan1

Бөлісу: