«Діни кітаптар» мобильді қосымшасы іске қосылды

«Діни кітаптар» мобильді қосымшасы іске қосылды

Ел іші
Жарнама

6 ақпан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Маңғыстау облыстық «Бекет Ата» орталық мешіті «Діни кітаптар» атты мобильді қосымшасын көпшілік назарына ұсынды, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Жаңадан жасақталған мобильді қосымшада асыл дінімізге қатысты 60 кітап қамтылған. Өзіңіз қалаған кітап түрін таңдап оқуыңызға мүмкіндік бар.

«Мұның ерекшелігі – мобильді қосымшаның көлемін азайту және кітапты оқуға ыңғайлы болу мақсатында кітаптар онлайн түрде оқылады. Кітаптардан өзіңізге қажет кез-келген сөзді іздеуге мүмкіндік бар. Бұдан бөлек, кітаптың кез-келген бетіне оңай өтіп, керегіңізді тауып, оқи беруіңізге болады. Барлығы Әбу Ханифа мәзһабына сай негізделген», - дейді Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Елжанов.

mobil1

mobil1

mobil1

mobil1

mobil1

Бөлісу: