Тұңғыш Президент Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті

Тұңғыш Президент Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті

Ел іші
Жарнама

26 ақпан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін елордада Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Кездесу барысында тараптар діни саладағы ағымдағы жағдайды талқылап, Қазақстанның тарихи және рухани байлығын сақтауға бағытталған шараларға назар аударды.

Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Наурызбай қажы Тағанұлын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти лауазымына сайлануымен құттықтады.

-Тағайындалуыңызбен құттықтаймын. Сіздің тиісті білім мен тәжірибеңіздің бар екенін білемін. Қызметтеріңізге табыс тілеймін, - деді Елбасы.

Бөлісу: