Алғаш рет әйелдер форумы өтті

Ел іші
Жарнама

4 наурыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Ақтау қалалық Достық үйінде Маңғыстау облыстық орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Инабатты қыз, ибалы келін, ардақты ана» атты облыстық әйелдер форумы болып өтті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Форумға Маңғыстау облысы Дін істері басқармасының басшысы Маханбетов Мақсатбек Шағзадаұлы, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Маңғыстау облысы бойынша «Жылдың үздік мұғалімі – 2018», «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы – «Қалдановтар» әулетінің отанасы Раметулла Злиха Мақсұтқызы, ақын-журналист, «Маңғыстау-Медиа» ЖШС директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары Шамшадинова Анар Амангелдіқызы, «Дін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау орталығы» КММ-нің басшысы Шопанова Бақытгүл Мақсотқызы, «Жусан» гуманитарлық операциясы аясында елге оралған маңғыстаулық Әсем Тәжекеева арнайы шақырылып, сүбелі баяндамалар жасалды.

Қасиетті Құран аяттарымен басталған форум жұмысына Маңғыстау облысының бас имамы Елжанов Әнуар Ізімбайұлы модераторлық етіп, ҚМДБ төрағасы, Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің форумға арналған жолдауын оқып берді.

– Облыстық Бекет ата мешіті әйел-қыздар секторының бастамасымен өлкемізде алғаш рет өткен форумның мақсаты – бүгінгі қыз, ертеңгі ананы тәрбиелеу мәселесіне жете көңіл бөлу. Бұл – бір отбасының мәселесі ғана емес, қоғамның міндеті деп есептеймін. Қай елде, әйел құқығы шектелген деген сұраққа әдетте ислам мемлекеттері деп жауап беруге әзір тұрады. Шындығында, әйел мен ананың отбасындағы орны мен қоғамдағы рөлін ислам нақты айқындап берді. Тарихтағы көптеген құбылыстар әйелдердің қатысуымен немесе әйел үшін болып жатады. Бүгінде Отанымыздың дамуындағы көп жетістіктерге әйелдер тың дем беруде. Мемлекеттік саясатқа араласып жүрген нәзік жандылардың саны артып келеді, - деді Әнуар Ізімбайұлы.

aqtau1

aqtau1

aqtau1

aqtau1

aqtau1

aqtau1

aqtau1

aqtau1

aqtau1

aqtau1

Бөлісу: