Серікбай қажы Ораз – Ислам институтының директоры (ФОТО)

Серікбай қажы Ораз – Ислам институтының директоры (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

7 наурыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Кеше Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Серікбай қажы Ораз Алматыдағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«Ораз Серікбай Сатыбалдыұлы ҚМДБ жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының директоры болып тағайындалсын», – делінген Бас мүфти бұйрығында.

Институт ұжымына Бас мүфти бұйрығын ҚМДБ Діни істер және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет оқып берді.

Айта кетсек, Серікбай қажы Ораз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 2017-2020 жылдары төрағалық етті.

serik1

serik1

serik1

Бөлісу: