Хорватия мүфтиін қабылдады (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Хорватияның Ислам қоғамдастығы Месихат ұйымының төрағасы, мүфти, доктор Әзиз Хасанұлын қабылдады» деп хабарлайды Muftyat.kz.

Кездесуде мәртебелі мейман Хорватиядағы мұсылмандардың, дін қызметкерлерінің бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы баяндады. Әзиз Хасанұлының айтуынша, Хорватияда мешіттер шығынын мемлекет өтейді. «Бұқаралық ақпарат құралдарынан күн сайын екі жарым сағат эфир уақыты бөлінеді. Мемлекеттік шараларда міндетті түрде мүфти қатысады. Аллаға шүкір, мемлекет мұсылмандарға, имамдарға мейлінше көңіл бөліп келеді», – деді Хорватия мүфтиі.

Басқосу барысында бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Қазақ жұртында да мемлекет тарапынан Ислам дініне үлкен қолдау көрсетіліп жатқанын жеткізді. «Елбасымыздың қамқорлығымен ТМД аумағында теңдесі жоқ мешіт салынды. Медреселеріміз ашылуда. Бір университетіміз, Ислам институты бар. Құрбан айт мерекесі демалыс ретінде бекітілді» деп атап өтті бас мүфти.

Дін қайраткерлері сонымен қатар Астанада әр үш жыл сайын өтетін дін көшбасшылары съезінің әлемдік діни татулыққа қосып жатқан үлесі туралы да өз ойларын ортаға салды.


 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: