Бас мүфти коронавирустан қайтқан Ингушетия мүфтиінің туыстарына көңіл айтты

Бас мүфти коронавирустан қайтқан Ингушетия мүфтиінің туыстарына көңіл айтты

Ел іші
Жарнама

14 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жұқпалы індеттен қайтыс болған Ингушетия мүфтиі Абдурахман Мартазановтың туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«Бұл қаза жанымызға ауыр батты. Өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы атынан марқұмның туған-туыстарына көңіл айтамын. Абдурахман Мартазанов 20 жылдай республиканың шариғи үкімдерін шығару, асыл дініміздің абыройын асыру мақсатында дін исламға қызмет етті.

Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтқандай, марқұмға шейіттің сауабындай сауап жазылуын Жаратқаннан дұға етеміз. Алла Тағала мүфтиді мейіріміне бөлеп, алдынан жарылқасын. Қазаның арты қайырлы болғай! Иманы саламат болсын!» делінген Бас мүфтидің көңіл айту жеделхатында.

Бөлісу: