«АСТАНА» медресе-колледжінің директоры тағайындалды

«АСТАНА» медресе-колледжінің директоры тағайындалды

Ел іші
Жарнама

24 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін, қасиетті жұма күні ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Бақтыбай қажы Бейсенбаев «Астана» медресе-колледжінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚМДб баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бақтыбай Қыдырбайұлы Бейсенбаев

Білімі:

1992 жылы Әндіжандағы «Сайд Мухиддин Махдум» медресесін, 1996 жылы Ташкенттегі Имам Бухари ислам институтын тәмамдаған. 2012 жылы Евразия университетінің «Дінтану» мамандығы бойынша магистратурасын, 2016 жылы Нұр Мүбарак университетінің докторантурасын бітірді.

Еңбек жолы:

1996-1998 жылдары ОҚО Сарыағаш ауданы Түмен ата мешітінің бас имамы, 1998-2003 жылдары осы ауданның М.Окороков атындағы орта мектебінің араб тілі пәнінің мұғалімі, 2003-2005 жылдары ҚМДБ Діни оқу-ағарту бөлімінің референті болды.

2005-2013 жылдары Алматыдағы Нұр Мүбарак мешітінің, елордадағы С.Ғылмани мешітінің бас имамы, 2013-2014 жылдары Алматы қалалық орталық мешітінің наиб имамы қызметін атқарды.

2014-2018 жылдары ҚМДБ Діни білім және ғылым (қазіргі Діни білім және кадр дайындау) бөлімінің меңгерушісі, 2018 жылдан бастап ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы, Шымкент қаласының бас имамы қызметін атқарды.

Бөлісу: